Шымкентте «Қазпоштаның» алғашқы цифрлық кеңсесі ашылды

346
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мегаполисте алғашқы цифрлық кеңсенің қызметін пайдаланды

«Қазпоштаның» Шымкент қаласындағы алғашқы цифрлық кеңсесі ашылды. Мұнда келушілерге автоматтандырылған робот қызмет көрсетеді.

Осындағы терминалдар арқылы барлық төлемдерді жасай алады. Сәлемдемені де жаңа жүйеде алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, бүгін модернизациялық пошта байланыс бөлімшесі ашылды.

Осылайша Халыққа қызмет көрсету аясы кеңейіп, қызмет оңтайландырылуда.

Шынар Оразова