Жантүршігерлік қылмыс ашылды

530

Шымкентте Қайнарбұлақ саяжайында аяусыз өлтірілген әйелдің өліміне қатысты қылмыс ашылды. Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына іс материалдары келіп түскен.

Басты айыпталушылардың бірі 1997 жылы туған Александр құрықталған. Оның жантүршігерлік қылмысқа қатысы бар екінші сыбайласы іздеуде екен. Сот алдында тағы да үш жас жігіт жауапкершілікке тартылып жатыр. Оның екеуі 19 жаста болса, біреуінің жасы кәмелетке толмаған.

Биылғы көктемде Қайнарбұлақ саяжайында 21 жастағы Александр өзінің сыбайласымен бірге көрші 37 жастағы әйелді аяусыз азаптап өлтірген. Одан соң сыбайластар қанды оқиға орнына өздерінен жасы кіші жігіттерді шақырып, оларға қысым көрсетіп әйелдің өлі денесін тілімдетіп, түрлі жауыздық зорлық жасауға мәжбүрлейді.

Онымен қоймай,үшеуіне көрші әйелдің мәйітін көміп тастауға бұйырады. Қылмыстық іске кәмелетке толмағандардың да қатысы болғандықтан сот жабық режимде жүргізілетін болады.

Жанар Есенбекова