Жетісай қаласында көпқабатты үйлерді кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде

258

Бүгінгі таңда Жетісай ауданы Жетісай қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді модернизациялаудан өткізу жұмыстары жалғасуда. Соның нәтижесінде бүгін Жетісай қаласындағы Т. Жүргенбаев көшесіндегі бірқатар кәріз жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің әжетханалары бұзылуда.

Жетісай қаласы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қадырбек Смайловтың айтуынша, бүгінде қаладағы көпқабатты 3 тұрғын үй толық модернизациядан өтіп, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

«Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің бәрін ортлақытандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүйелі түрде жалғасады,- дейді Қадыр Тұрғараұлы.

Сонымен қатар ретсіз әжетхана орындарына көгалдандыру, абаттандыру және спорт ойын алаңшалары салынады деп күтілуде. Бұл ретте қала әкімдігі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жандандырамыз деп отыр.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай қаласындағағы көпқабатты тұрғын үйдің 200-ге жуығы пәтерлері орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Бұдан бөлек, жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандары да орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Жетісай қаласы әкімінің баспасөз қызметі