БАҚ өкілдері сот ғимаратына мобилдік құралдармен кіруге құқылы

243

Сот ғимаратына өткізу режимінің мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Шымкент гарнизоны әскери сотында «Соттарда ішкі обьектілік және өткізу режимін қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліді.

Іс-шараға «Күзет» мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты.
Дөнгелек үстелді аша келе Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы Б. Кәрім, өткізу режимінің Ережесіне сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері соттың аумағына және ғимаратына мобилдік құралдарымен, бейне, кино және фотоқұрылғылармен кіруге құқылы екенін атап өтті.

Аға сот приставы Ф.Ганжиев өзінің баяндамасында, қандай тұлғаларға соттың аумағына және ғимаратына кіруге болатыны, демалыс, мереке және жұмыстан тыс күндері кімге кіру рұқсаттамалары берілетіні туралы атап өтті.

Сонымен қатар, мамандардырылған күзет қызметкерлерінің төтенше жағдай кезінде іс-әрекеттері және өткізу режимнің сақтау үшін сот ғимаратын техникалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Дөнгелек үстел соңында сот төрағасы Б. Кәрім қатысушыларға уақыттарын бөлгендері үшін алғысын білдірді.

Шымкент гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі