Латын әліпбиінен диктант жазу «Отырар» кітапханасында өтеді

599

Бүгін 14 – қараша сағат 11:00 – де латын әліпбиінен жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылып отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі латын әліпбиін насихаттау және кеңінен таныстыру, практикалық тұрғыдан дағдыландыру мақсатында қолға алынған бұл шара еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

Диктантты арнайы орындарда немесе қазақ радиоларын тыңдап жазуға болады. Толық ақпарат emle.kz немесе tilalemi.kz сайттарында бар.

Шымкентте жалпыхалықтық диктант “Отырар” әмбебап ғылыми кітапханасында өтетін болады. Жалпыхалықтық диктант қарсаңында тіл мамандары, ғалымдар Астанадан арнайы келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сіз де үйіңізден шықпай – ақ, арнайы сайттарға кіріп жалпыхалықтық диктантқа қатысып, жаңа қазақ әліпбиін меңгеруіңізге болады.

Жанар Есенбекова