Шымкенттік оқушылар сол қолмен диктант жазады

413

Шымкенттік мектептердің бірінде оқушылар диктантты сол қолмен жазады. Мектеп басшылығы бұл үрдісті балалардың ойлау қабілетін дамытып, ой-өрістерін арттыру үшін қолға алғандарын айтады.

Мамандар сол қолмен жазу оң жақ мидың жұмысын жақсартады дейді. Бұл балалардың жылдам ойлауын қалыптастырып, кез-келген ситуациялық жағдайдан шығуға жол табуына көмектеседі екен. Оқушылар сабақтан тыс уақытта 4 жылдан бері аптасына бір рет 15 минут сол қолмен диктант жазуды үрдіске айналдырған.

Өзге мектептерде жоқ бұл дағдының оң өзгерістерін шәкірттер де байқап отыр. Оқушылар математика, химия, физика сынды күрделі пәндерден үлгерімдерінің жақсарып отырғанын айтады. Мектеп мұғалімдерінің айтуына қарағанда, мұндай тәжірибе бүгінде әлемге жеңіл өнеркәсібімен, медицинадағы жетістіктерімен танылған Үндістан мектептерінің бағдарламасына енгізіліпті.

Мақпал Рысбаева