Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың алғашқы форумы өтті

539

Шымкентте белсенді жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар көп. Әр саланы дамытып, азаматтардың белсенділігін арттыруға құрылған ұйымдар халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған. Сондықтан болар, Үкімет тарапынан әлеуметтік жобаларға қыруар қаржы бөлінеді. Оны иегіріп қана қоймай, әлеуметтің әлеуетін көтеруге атсалысып жүргендер бас қосты.

Шымкентте алғаш рет қалалық үкіметтік емес ұйымдардың «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» форумы өтті. Қоғамдық ұйымдардың басын қосқан алаңда азаматтардың жауапкершілігін еселеп, белсенділігін арттыру мәселесі талқыланды.

Шымкентте 500-ден аса Үкіметтік емес ұйым бар. Қоғамдық бірлестіктердің басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейді. Олардың басын қосқан форумға ҚР Қоғамдық министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Асылбек Қожахметов, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков және шаһар басшысы қатысты. Форумда көтерілген өзекті сауалдарды тыңдап, кедергілерді жою жолын қарастырды.

Үіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын қолдауға 284 млн. теңге беріліпті. Оған 26 бағыт бойынша бекітілген жоба жүзеге асырылуда. Мақсат бір, халықтың тұрмысын жақсарту. Оны бірге жүзеге асыруға қалалық әкімдік дайын. Тек қоғамдық бірлестіктер заман талабына сай жаңа форматта жұмыс жасаса болғаны.

Форумға қатысқандар статусы өскен өңірдің дамуына үлес қосуға сөз берді. Сондай-ақ, белсенді қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шынар Оразова