«Байдың балалары» – чемпион

1010

«Qazaqstan» орталық концерт залында өткен «Жайдарман-2018» өз мәресіне жетті. Аталмыш көңілді тапқырлар клубтары арасында ұдайы ұтымды әзілдерімен көрермен көңілінен шығып жүрген «Байдың балаларының» бағы жанды.

«Байдың балалары» үшін биылғы жыл жемісті де жеңісті жыл болды. Алда тағы да бір биік белес тұр.

Келер жылы Сочи қаласында 12-25 қаңтар аралығында өтетін КВН фестиваліне шақырту алып отыр. «Александр Масляков және компания» Халықаралық КВН одағы және «АМИК» телевизиялық шығармашылық орталығы 30-шы халықаралық КВН командалары арасындағы «КиВиН-2019» фестиваліне үздік команданы арнайы шақырып отыр.

Көрерменін күлкіге көміп жүрген «Байдың балалары» халықаралық шарада еліміздің мерейін асырады деген үміт бар.