Жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созып, қамқорлық танытып жатқан жомарт жандар қатары көбейіп келеді. Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданында да көмекке мұқтаж жандар аз емес.
«Достық» шағынауданындағы қолдауға зәру отбасыларға қамқорлық танытатын жомарт жандар баршылық. Солардың бірі Бейбіт Канхожаев. Кәсіпкер демеушілік жасап, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларына және көп балалы отбасыларға жаңа жыл мерекесі қарсаңына азық-түлік пен сыйлықтар табыс етті.
Қайырымды жанның қамқорлығына бөленген жандар алғыстарын жаудырды.