Мәселенің оң шешімін табуына көшбасшы партия көмектеседі

414
Қоғамдық қабылдау өтті

«Нұр Отан» партиясының беделі халық арасында артқан. Сондықтан болар көшбасшы партияның Шымкент қалалық филиалына қолдау сұрап келетіндердің қатары басым. Бұл жолы қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтарды филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов бастаған топ тыңдады.

Әсілбеков ерлікпен қаза болған баласының атына көше беруін сұрайды. Айтуынша 12 жыл бұрын 26 жастағы баласы суға кеткен балаларды құтқарамын деп мерт болған.

Суға батқан балаларды құтқарған Ерденнің ерлігі жайлы мақалалар шыққан еді

Жағдай Түлкібас ауданындағы ауылдардың біріндегі тоғанда орын алған.

Шерім Әсілбеков, Ерденнің әкесі

Шерім Әсілбеков, Шымкент қаласының тұрғыны: «Менің үлкен ұлым 2006 жылы шілдеде Жас кешу ауылындағы  тоғанның жанына тоқтаған. Сол кезде балалар суға кетті деген айқайды естіген бойда киіммен  суға түсіп үш баланы құтқарған. Төріншісі Қасқасудың 12 жасар қызын іздестіріп таба алмай бірге судан өлі денелерін төтеншеліктер тапты. Қазір екі қызының бірі университетті бітірді, екіншісі  ЖОО оқып жатыр».

Жағдайдың мән – жайы қоғамдық қабылдауда анықталатын болды. Әрі Президент әкімшілігіне хат жолдап, өзге үшін өмірін қиған марқұмның атына көше атын беруді сұранатындарын жеткізді.

Бахадыр Нарымбетов, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Көмектесеміз, қам жемеңіз. Қала әкіміне кіріп, әрекет жасаймын өзім…».

Қоғамдық қабылдау өтті

Қалдыкүл Тұрсынбекова ауласында қаптап кеткен газ құбырларын қауіпсіз жерге жайғастыруға көмек сұрай келіпті. Айтуынша газ шаруашылығы мамандары жұмыстарды өз қаржыңызға жасайсыз деген. Қаратөбе тас жолында тұратын зейнеткер «қалтам көтермейді, үшінші топтағы мүгедекпін» дейді.

Қалдыкүл Тұрсынбекова, зейнеткер: «Суреттерден байқап тұрсыз, төрт -бес  құбыр менің үйімнің қабырғасы жанынан өтеді. Газ құбырларын ауламнан өткізуге рұқсат бермегенмін. Барлығы да, наубайхана да менің ауламнан өткен құбырдан газ алады. Қауіпсіз орынға шығарыңыз дейді қалай оны өзім  шығарамын? Көмекттесеңіздер».

Зейнеткердің арызы қоғамдық қабылдаудың бақылауында болады. Қалалық ТҮКШ -нің мамандары газшылармен бірге мәселені тез арада шешіп беруі тиіс. Соңғы үмітін нұротанға артқандар көшбасшы партияның жергілікті филиалы өкілдерінен қолдау тауып, мәселесі шешілетінін естіп марқайып қайтты.

«НұрОтан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов әр айдың бірінші аптасының сәрсенбісінде сағат 15:00-де қоғамдық қабылдау жүргізеді.

Шынар Оразова