Мақтаарал ауданы әкімдігі чемпион атанды

530

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Түркістан облысы Жетісай ауданында «Тұғыры биік – Елбасы!» атты кіші футболдан мемлекеттік органдар мен екінші деңгейлі банк қызметкерлері арасында өткен жарыста Мақтаарал ауданы әкімдігі І орынды жеңіп алып, чемпион атанды.

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков команда мүшелерін қабылдап, арнайы марапаттады. Сондай-ақ, ізгі тілегін арнап, қошеметін көрсетті.

«Қызмет пен спортты қатар алып жүру – бақытты болашақтарыңыздың кепілі. Аудан әкімдігінің атын асқақтатып, беделін көтергендеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, өмірлеріңізге бақ-береке тілеймін!» – деді Б.Төребеков.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі