Мемлекеттік қызметшілер сыйлықтарды мемлекеттік қорға өткізетін болады

572
Хабар 24

Адамдар сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде (адамдардың ыхтиярынсыз түскен; оның лауазымды қызметіне немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты адамға берілген; жария немесе оның лауазымды қызметіне немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты ресми іс-шаралар кезінде алынған сыйлықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесіне немесе жергілікті атқарушы органдарға тапсырады.

Сыйлықты тапсыруды адам сатып алу туралы не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасаған мүліктің тізімдемесі, бағалау және қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады.

Хабарлама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
– уәкілетті орган немесе ЖАО атауы;
– сыйлықты тапсырып отырған адамның Т.А.Ә, оның лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері;
– сыйлықтың атауы, оның саны мен қысқаша сипаттамасы;
– сыйлықты сатып алуға келісетіні не сатып алудан бас тартатыны туралы ақпарат.
Бұл ретте, сыйлықты сатып алған жағдайда, хабарламаға жоғары тұрған лауазымды адам сатып алуды келісу туралы белгі қояды (Т.А.Ж., лауазымы, мөрмен расталған қолы)
Сыйлықты ЖАО тапсырған кезде, ЖАО 5 жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны уәкілетті органға жібереді. ЖАО тапсырылған сыйлықтар жоғарыда көрсетілген мерзімде есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға берілуі тиіс.
Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адамнан хабарлама алғаннан кейін күнтізбелік 7 күн ішінде сыйлыққа бағалау жүргізеді және көрсетілген адаммен сатып алу-сату шартын жасасады.
Бұл ретте адамдардың ЖАО-ға тапсырған сыйлықтары бойынша бағалауды жүргізу және сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі ЖАО-дан тиісі хабарламаны алған сәттен бастап есептеледі.
Уәкілетті органның арнайы мемлекеттік қордан сыйлықты сатуға сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана құқығы бар.

Анықтама ретінде:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2014 жылғы 5 шілдедегі 472-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес сыйлықтар түріндегі мүлікті уәкілетті органға толық және (немесе) уақтылы берілмегені үшін, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.

Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті