Шымкентте үшем дүниеге келді

460

Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. 35 жастағы бақытты ана Динара Нәлібаева екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Осылайша жыл басынан бері Шымқалада үшінші үшем жарық дүние есігін ашты.

Осман, Омар, Зейнеп есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Бүгін перзентханадан шығарылады деп күтілуде. Үшем қарашаның 24-не 33 апталық кезінде ота тәсілімен туылған.

Туылғандағы салмақтары 1300-1700 грамм, бойлары 38-40 см болыпты. Бүгінде нәрестелер  салмақ қосып, әрқайсысы 2600 грамм тартады екен.  Динара Нәлібаеваның бұған дейін тағы екі қыз бір ұлы болған, осылайша жас ана алты баланың анасы атанып отыр.

Жанар Есенбекова