Түркістанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары айқындалды

516

Түркістанда өткен бас қосуда мемлекеттік қызметкерлер арасында және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңыздылығы баса айтылды. Заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында келер жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артады. Оның мөлшері атқарған жұмысы, азаматтардың мәселесін шешудегі үлесіне қатысты болмақ.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де қол қусырып отырған жоқ, мемлекеттік қызметкердің беделін арттыру, жағдай жасау бойынша үкіметке ұсыныс беріпті.

Мемлекеттік органдарда еңбек ететін азаматтар баспанамен қамтылып қана қоймай, балаларын бала бақша кезегіне қою, ынтасына қарай қызметтік өрлеуіне қолдау көрсетіледі. Осы бастамаға кепіл ретінде «Түркістан- адалдық алаңы» жобасы аясында Агенттік пен облыс әкімі бірлесіп жұмыс істейді. Оны растайтын ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

«Абалдық алаңы» жобасы аясында бірлесіп жұмыс жасау туралы құжатқа қол қойылды

Жиыннан кейін астаналық қонақ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің ашылу рәсіміне қатысты. Кеңсенің негізгі мақсаты- білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою.

 

Онда 20- дан аса мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ, жатақханаға орналасудан бастап, сынақ кітапшасы, мекенжай анықтамасы мен дипломның түпнұсқасын береді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы студенттерге уақытын үнемдеп, алаңсыз білім алуына мүмкіндік беріп отыр.

Шынар Оразова