2019 жылы мереке күндері кімдерге төлемақы беріледі?

968

Азаматтардың арнаулы санаттарына жергілікті бюджеттен мереке күндеріне орай әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы YK-news.kz жазды.

Интернационалист жауынгерлер

15 ақпан Кеңес Одағы әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Осыған орай, Өскемен қалалық әкімдігінің ақпаратына сәйкес бір реттік төлемақы беріледі. Сондай-ақ, өзге елдерде әскери қимылдарға қатысқан Кеңес Одағы әскерилері мен флотының, МҚК және КСРО ІІМ қызмет еткендер де бар.

Ауғанстанда қызмет еткен әскерилер мен оларға қызмет еткен жұмысшыларға да қарастырылған. Осы елде әскери қимыл кезінде жарақат алған, мүгедек болып қалған, интернационалист жауынгерлердің отбасылары, хабарсыз кеткендер мен соғыс қиымылдары кезінде жарақат алып қайтыс болғандар да бар. Бұл санатқа жататындардың барлығы да бір реттік 35 АЕК көлемінде төлемақы алады.

Көпбалалы аналар

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 5 АЕК көлемінде төлемақы алатындардың қатарында:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» медалін алғандар мен бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар;
Төрт және одан да көп кәмелет жасына толмаған көпбалалы отбасылар, оның ішінде орта, арнаулы техникалық, кәсіби орта арнаулы оқу орындарында және жоғары оқу орындарында сыртай білім алып жатқан балалары; (бұл 20 жасқа толмағандарға қатысты).

Ликвидаторлар

26 сәуір Халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күніне орай:
Чернобыль апатын жоюға қатысқандар – 35 АЕК,
Чернобыльде 1988 – 1989 жылдары жұмыс істегендерге — 35 АЕК;
Чернобыль апатын жоюға қатысып қаза болғандардың отбасына — 35 АЕК;
Чернобыль апатын жою кезінде мүгедек болып қалғандар, ата-анасы ядролық апат салдарынан мүгедек болып туылған балаларға — 25 АЕК.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне

9 мамыр Жеңіс күніне орай бір реттік төлем:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне — 215 АЕК;
КСРО мемлекеттік қауіпсіздікті сақтауға атсалысқан қатардағы және басшылық қызметте болған және соғыс қимылдары болған кезде ішкі істер органдарында қызмет атқарып қызметін атқару кезінде түрлі сырқаттарға ұшырағандарға — 35 АЕК;

Соғыс кезінде қаза болған және хабарсыз кеткендердің жесірлері (қайта тұрмыс құрмағандары) — 35 АЕК;

Мүгедек балалары бар ата-аналар

30 тамыз ҚР Конституция күніне орай 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларын бағып отырған ата-аналарға 5 АЕК.

2019 жылғы Айлық есептік көрсеткіш көлемі 2525 теңге болып бекітілген. Өзге санатқа жататындарға бір жолғы көмек төлемақы қарастырылмаған.