Шымкентте 42 500 теңгені 8500 тұрғын алды

183

Шымкентте 42 500 теңгені 8500 тұрғын алды. Әлеуметтік төлем аламын деушілер бүгінде банк пен Қазпошта алдында да толып жүр. Жайылған қатерлі індеттен қорықпаған олар мемлекеттің берген көмегінен қағылып қалудан қорқамыз дейді.

Айсұлу Абдиева, қала тұрғыны: «Кезекте 42 500 теңгені алу үшін тұрмын. Карантинге байланысты үйдеміз. Үкіметтің осы көмегін естіп келген едім. Коронавирустан қорықпаймын. Бірақ жоғарыдағылар бір жерге шоғырланбаңдар деп айтқанымен, мына ақшаның соңынан сандалтып қойды ғой. Амал жоқ тұрмыз».

Назерке Үкібасова