Абай ауылында зорлық әрекетке тап болған баланың қорғаушысы мәлімдеме жасады

406
nur.kz

Абай ауылында жасөспірімдер тарапынан зорлық көрген баланың қорғаушысы Құрманғазы Мүсір ел күтпеген мәлімдеме жасады деп хабарлайды «31» арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ. Адвокаттың айтуынша, тіпті сот үкімінен кейін де өңірдегі жағдай өзгермеген.

Заңгердің мәлімдеуінше, кезінде Абай ауылыныда орын алған оқиғаға көз жұма қараған полицейлер мен прокуратура қызметкерлері әлі де өз қызметінде жүргеніне шүйлікті. Оның ойынша, бұл жағдай олардың балалар зорлығының адам сенгісіз фактілерін тағы да жасырып қалуға мүмкіндік бермек.

Құрманғазы Мүсір өз мәлімдемесін Алматыдағы баспасөз мәслихатында жасаған. Жиынға тәртіп сақшыларының қызметіне арыз-өтініші бар көптеген қорғаушылар қатысты.

Оған қоса, адвокат өзі мен туғандарының қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жеткізді.
«Елбасыға орын алып жатқан заңсыз әрекеттер мен біздің Абай аулының мемлекеттік қызметкерлерінің әрекетсіздігіне назар аударуыңызды сұраймын» , – деді Мүсір.
Оның сөзінше, биліктегілер өз мәлімдемесінде жұмыстан кетеді деп айтқан азаматтар, әлі өз қызметінде жүрген көрінеді.