«Бандамыз» деп жаңажылдық құттықтау жолдаған полиция шенеунігі қызметінен қуылды

261
фото inform.kz

ҚР ІІМ Қарағанды академиясы бірінші курс басшысының орынбасары А.Тастайбеков қызметінен қуылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәртіптік комиссия шешімімен Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары А.Тастайбеков мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекеттер жасаған теріс қылығы үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар оқу орнының басшылығы мен оның тікелей бастығы да қатаң тәртіптік жазаға тартылды», – деп жазды Алмас Садубаев.