Полицейлер ірі қараларды үй малына арналған айыппұл тұрағына жеткізді

319

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мал ұрлығын алдын алу іс-шараларын үнемі жүргізіп келеді.

Тәртіп сақшыларының мал ұрлығын азайту бойынша ұйымдастырып отырған іс-шарасы аясында мал базарлар мен ұрлықы малдың өнімдерін заңсыз жолмен тасымалдайтын көліктер, цехтар тексерілуде.

Осылайша, «Мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл» жобасын іске асыру үшін, Қазығұрт АПБ-нің полицейлері мен ветеринария қызметкерлері бірлесіп, апта сайын мал етін тасымалдайтын автокөліктерді тексеруде. Аталмыш іс-шараның аясында полицейлер 80 автокөлікті тексеріп, малдарының құжаттары болмаған 15 құқықбұзушыны жауапкершілікке тартты. Ал, құжаттары бар малдарды полицейлер үй малына арналған айыппұл тұрағына жеткізді.

Оған қоса, мал ұрлығы іс-шарасы барысында Қазығұрт ауданының 13 ауыл округінде жергілікті ауыл әкімдерімен учаскелік полиция инспекторлары халықпен кездесулер өткізіп, мал ұрлығының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, кездесу барысында мал ұрлығы қылмыстарының жолын кесу мен алдын алу үшін базар аумағына бейнекамераларды орнату мәселесі біріздендірілді.

Қазіргі таңда, Қазығұрт ауданының бірнеше округінде мал ұрлығының алдын алу криминогендік жағдайын жақсарту мақсатында облыстық маңыздылығы бар көшелерге бейнекамераларды орнату үшін бюджеттен 150 миллион теңге бөлу қарастырылған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қолда бар малдарына қырағылық танытып, қараусыз қалдырмау керектігін айтады. Бос жайылымдарға жүрген малдарына арнайы шопан жалдап немесе қой кезегін ұйымдастырып қою керектігін айтады.

Мүмкіндігінше қора жайларды бекітіп, қоршап, малдарға арнайы ен салып қою қажет. Мал ұрланған жағдайда өздігінен іздеу жүргізіп уақыт өткізіп алмай, тез арада полиция қызметкерлеріне хабар беру керек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі