Шымкентте тағы да бала зорлығы

542
фото depositphotos.com

Бесінші қаңтар күні күндізгі уақытта құрылысы бітпей қалған ғимаратта тоғыз жасар бүлдіршінге зорлық жасалған. Күдікті қазір іздестірілуде. Шымкент қалалық білім басқармасының мамандары демалыс уақытында балалардың үйірме, секцияларға бару қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналарға абай боуға шақырады.

«Шымкент қаласының полиция департаментіне 05.01.2019 ж. күні тоғыз жасар кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау туралы арыз келіп түскен. Аталған жәйт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстың белгілері бойынша (көрінеу жас баланы зорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыскерді ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес болған мән-жайларды анықтау және кәмелетке толмағанның заңмен қорғалатын құқықтарын сақтау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда. Қылмыс жасөспірім балаға қатысты жасалғанын ескере отырып, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 532-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың құпиялық құқығын сақтау керек екендігін түсіндіреміз. Жария сөз сөйлеуде жеке өмірі туралы мәліметтерді және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жария ету Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Тергеу нәтижелері туралы ақпарат жұртшылыққа кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтары бұзылмайтын, рұқсат етілетін көлемде жеткізіледі. Қылмыстық іс Шымкент қаласы Полиция департаменті мен Прокуратурасының бақылауында тұр»-деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.