Елбасы Шымкенттің жаңа статусқа ие болуына байланысты инфраструктураны, тұрғын үй құрылысын және транспорт жүйелерін жақсартуға тапсырма берген болатын.

Оған екі жақты қаржы бөлінді, бірі республикалық бюджеттен, екіншішісі жергілікті қазынадан. Бұған өте ауқымды жұмыстар атқарылмақ, яғни, Бадам өзенінің үстінен өтетін үш көпір, А-2 жолы және Қонаев көшесін ұзарту жұмыстары, Байтұрсынов көшесін және Адырбеков көшесін кеңейту жұмыстары жүргізілмек.

Аталған жұмыстарға отандық белгілі құрылыс компаниялары тартылмақ, олардың қатарында «Отау строй», «Береке», «BI Groupp» ірі холдингі де бар.

Бүгін аталған көшелерді қала әкімі аралап көрді. Шаһар басшысы жақын арада қаламыздағы жол инфраструктурасы қалай өзгеруі керектігін айтты. Солардың бірі екі жақтама кішкентай ғана Адырбеков көшесі жақын келешекте төрт жолақты, ыңғайлы тротуары және веложолдары бар үлкен көшеге айналмақ.

Ал кептелістен көз ашпайтын А. Байтұрсынов көшесінде де көптеген өзгерістер орын алмақ. Жұмыстар басталып та кетті. Тілшілерге тротуар үлгілерін таңдау ұсынылды. Оның бірі плитка төсеніштер және тасжиектер. Екіншісі әсем көрінеді екен.

«Осы көшеде жылу магистралін ауыстыру барысында әкімдікке көптеген сын айтылды. Мұны жақсы түсінеміз. Биыл көшені қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіледі. Өзге көшелерден өзгеше болмақ. Біріншіден, жол жабындары заманауи материалдардан болмақ, екіншіден веложолақтар болады. Ең бастысы көше бойындағы бірде бір ағаш кесілмейді», -деді қала әкімі.

Сондай-ақ, қала әкімі тротуарлардың ыңғайлы болатынын жеткізді. Дегенмен барлық жұмыстар жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де ыңғайсыздық туындатары сөзсіз. Қалалықтардың түсіністікпен қарауын өтінді.

«Шырайлы қаламыздың барлық тұрғындарына түсіністікпен қарауларын қалаймын. Биылғы жылы қаламызда көптеген құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Тұрғын үй құрылыстары, жолдар салынады. Елбасының тапсырмасы бойынша қыруар қаржы бөлініп отыр. Қала тұрғындары бізге қолдау білдірсе жұмыстар дер кезінде аяқталады. Алдын ала ыңғайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім өтінеміз және қоллдау мен түсіністіктері үшін алдын ала алғыс айтар едім», деді Ғабидолла Әбдірахымов.