Мақтаарал ауданында әлеуметтік дүкен ашылды

463

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде әлеуметтік дүкен ашылды. Аудан әкімінің бастамасымен ашылған нысанның негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету және көмек қолын созу болып табылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғам үшін игі іс жасауға шақырған болатын. Міне, ашылған дүкенде азық-түлік пен үй тұрмысына қажетті тауарлар нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатылуда. Сондай-ақ, киім-кешектер тегін үлестірілуде.

Әлеуметтік дүкеннің жұмысы барысымен танысқан аудан әкімі Бақыт Асанов тауардың сөрелері мен қатарларын көбейтіп, дүкенді кеңейту керектігін айтты. Сондай-ақ, дүкеннің тұрғындар арасында танымал болуы үшін жолдың бойына билборд орнатылуы керектігін атап өтті.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі