Шайынды суды тазартатын технология жоқ…

550

Бүгінде Шымқалада монша «индустриясы» қарқынды даму үстінде. Қаланың әр тарабында заманауи талапқа сай салынған кірден арылу орталықтары қаптап кеткен. Талғамыңызға сай таңдаулылары жетіп артылады.

Түріктің хамамы, орыс моншасы, жапон моншасы… тырнадай тізбектеліп кете береді. Бұрынғыдай кір сасыған, зәктің иісі аңқыған моншалар азайып келеді. Себеп… тазалықты талап етіп, сапалы қызмет көрсететіндерді таңдайтындардың қатары қалың. Бәсекелестік басым түсіп тұрған шақта әр клиент қымбат. Сондықтан да қызмет көрсету орындары ең алдымен тазалыққа мән береді.

Ал соңғы әлетте «моншадан шыққан шайынды суды тазартып қолданады екен» деген пікір қалыптастырғандар да жоқ емес. Мамандар мұны мүмкін емес деп отыр.

Бахытгүл Ысқақова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама» орталығы БАК зертханасының меңгерушісі: «Бүгінде бассейндерде, моншаларда суды қайтадан тазартып қолданады деген сыбыс бұл жалған қауесет. Ондай тазартқыш технология мүлдем жоқ. Әлемнің алпауыт елдерінде де мұндай технология әлі қолданысқа ендірілмеген. Кір су, сабын, шайынды суды тазарту мүмкін емес… Ал бассейндер талапқа сай тазартылып тұрады».