«Оңтүстiк аңыздары» экспедициясына тiркеу басталды

292

Nomad Explorer тобының «Оңтүстiк аңыздары» экспедициясына тiркеу мен билет сату басталды. Экспедиция сәуiрдiң 20-27 аралығында Жамбыл және Түркiстан облыстарында өтпек. Экспедиция Тараз қаласынан басталып, Түркiстан қаласында аяқталады.

Аталмыш жобаға 1000 астам адам қатысады деп күтілуде. Одан бөлек, 120 ұйымдастырушы, 50 аспаз атсалыспақ. Оларды 20 автобус тасымалдайтын болады. Ал аспаздарға тағам дайындау үшін 8 тонна күрiш, 40 тонна ауыз суы алынады деп жоспарланып отыр.

Барлық ақпаратты nomadexplorer.kz немесе фейсбуктегi nomad explorer парақшасынан таба аласыз.