«Менің елім – мәңгілік ел!» экспедициясы Шымкентке келді

604

«Менің елім – мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық экспедициясы Шымкент қаласына келіп жетті. Бәйдібек би ескерткіші алдында өздерін қарсы алған топқа саяхатшылар бұл сапардың мақсаты мен маңызы жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Шымкент қаласының тарихи және мәдени орындарына экскурсия жасаған журналистер, блогерлер, этнографтар фото және бейне құрал-жабдықтарын бірден іске қосып, салт-дәстүрге берік, тарихи шежірелерге бай өлке жайлы деректер жинауға кірісіп кетті. Сонымен қатар Шымкент қалалық балалар және жасөспірімдер орталығының «Достық» мұражайын аралап, балалардың концерттік бағдарламаларын тамашалады.

001 (1)

Түс қайта экпедиция мүшелері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде облыстың туристік мүмкіндіктерін ашатын айрықша жарқын тарихи және мәдени көрікті жерлер туралы көрмесін аралап, студент жастармен кездесті.

001 (4)

 

«Оңтүстік Қазақстан – өзінше ерекше мекен. Біз бұл жердің қай жағынан да алда екеніне көзіміз жеткен. Болашақта бұл аймақтың туристік әлеуетін, Қазақ мемлекетіне қосқан рухани үлесін, болашаққа берерін түгел көрсетуге тырысамыз» деді экспедиция мүшесі Бақтыбай Жайлау.

001 (3)

Бүгін экспедицияға қатысушылардың сапары көне шаһар – Түркістанға жалғасады. Ақтау қаласынан басталған экспедицияның мақсаты – Қазақ елінің жастарын ортақ іске біріктіру.

001 (2)

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі