Шымкент қалалық әкімдік қызметкерлері 5 қызынан айырылған отбасыға бір күндік жалақыларын аударды

455

Шымкент қалалық әкімдік қызметкерлері бір күндік жалақыларын қайғы жамылған отбасыға аударуға шешім қабылдады. Олар қайғылы жағдайды талқылағаннан кейін осындай шешімге келген. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдыра алмаған.

Бұдан бөлек, қаланың барлық жеке үйлеріндегі түтіндіктерді тексеру туралы нұсқау берілді. Бұл тапсырма көп балалы отбасыларға қатысты. Сарапшыларға тез арада қиын жағдайларда өмір сүріп жатқан қанша отбасыға шұғыл көмек қажет екенін анықтау міндеттелді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпанда Астанадағы «Көктал-1» тұрғын алабындағы жеке үй өртеніп, салдарынан 5 қыз бала о дүниелік болған еді.