Шымкентте өрт оқиғаларын алдын алуға еріктілер де қосылды

332

Қайғылы жағдайларға қарсы жүргізілетін шара төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп өткізілуде. Тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын бастаған жастардың барлығы да студенттер.

Төтеншеліктердің айтуынша, мұндай бірлескен бастама олардың жұмысына үлкен көмегін тигізбек. Еске сала кетейік, жылу маусымы басталғалы қала бойынша газдан улану және өрт салдарынан 8 оқиға орын алған. Нәтижесінде 8 адам қаза тауыпты.

Бауыржан Ізбасаров, Шымкент қаласы ТЖД бөлім басшысы: «Өткен жылмен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіштер бір қалыпта. Жарақат алғандар бізде төмендеген. Былтыр 4 адам тіркелсе, биыл 1 адам ғана тіркеліп отыр. Миллиондық қала болғандықтан әрқайсысына барып, кіріп-шығуға бізде мүкіндік жоқ. Сол үшін біз қазір үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жұмысты бастап отырмыз».

Назерке Үкібасова