Шымкентте жас жігіт жоғалып кетті

484

Шымкентте туысқандары үйден шығып кетіп, қайта оралмаған жас жігітке іздеу салып отыр. Ол 7 ақпан күні таңертең ерте шығып кеткен.

Теміров Мұхиджон жабық базар аумағында, Конституция көшесі, 26 мекен-жайында тұрады.
Туыстары оның жоғалғанына алаңдаушылық білдіріп отыр, ол бұрын ешуақытта да үйінен бір сағаттан астам уақыт бойы шықпаған екен.

Айта кетерлігі, жігіт психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрады, сөйлей алмайды, бірақ естиді және бәрін түсінеді.

Егер Мухиджонды көрген білгендер болса, мына телефонға хабарласуына болады: 8 702 667 55 49, 8 707 232 89 79.