Úı ANONS Шымкентте мектеп оқушысы жоғалып кетті

Шымкентте мектеп оқушысы жоғалып кетті

фото ШПД
Шымкент қаласында полицейлер жоғалып кеткен мектеп оқушысын іздеп тапты.
Кезекші бөлімге баланың оқу орнынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен.
Хабар түскен бойда іздестіру жұмыстарына патрульдік инспекторлар жұмылдырылды. Полицейлер мектеп маңын толық тексеріп, баланың жүруі мүмкін бағыттарын қарастырды.
Арада 15 минут өткен соң оқушы қаланың сауда үйлерінің бірінен, мектептен шамамен алты шақырым қашықтықта табылды.
Полицейдің бейнетіркегіші баланың табылған сәтін түсіріп алған.