«Жұлдызды экскурсовод» атты көрме өтті

257

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Түркістан қаласындағы №16 Талғат Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде «Жұлдызды экскурсовод» көрмесін және «Мамандығым-мақтанышым»  атты іс-шара ұйымдастырды.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы көптеген рухани құндылықтардың серпін алуына жол ашқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы іспетті. Әрбір іс-шарада мақалада көрсетілген мәселелерді қорық-музей тарапынан ашып көрсетуге күш салудамыз. Сонымен қатар, 21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне орай білім ұясына арнайы келіп ұйымдастырған жиын барысында Қожа Ахмет Ясауи бабамыз  бен қорық-музейдегі құнды мұралар жөнінде ауқымды мәліметтер беріп, жәдігерлермен таныстырдық деп ойлаймын. Шара әрі қарай да жалғасын табады»,-деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Талғат Оразов.

Басқосу барысында  жуырда ғана Елбасы Жарлығымен облыс орталығы атанған киелі Түркістанның түбі бір түркі жұртынның басын біріктірген рухани астана мәртебесіндегі маңызы мен келешегі жөнінде де ой білдіріп, туған жерді түлетуге қосқысы келер тұшымды пікірлерін ортаға салды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі