Грекияда «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің көрмесі өтеді

354

9 – 11 қараша күндері Грекия Республикасының Салоники қаласында өтетін «Philoxenia-2018» ең ірі халықаралық көрмеде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қожа Ахмет Ясауидің мұраларын әлемдік жетекші туристік орталықтар назарына ұсынады.

Туристік әлеуеті дамыған алпауыт елдердің көшбасшы туристік орталықтарының қатысуымен өтетін шараның басты мақсаттарының бірі-қазақстандық туристік нысандар мен тарихи орындардың маңызын таныстыру, тәжірибе алмасу болып табылады.

Шара аясында Қазақстанның ұлттық тағамдары мен «Асық ату», «Арқан тарту» ұлттық ойындары да көрсетіледі.