Úı ANONS Жансейіт Түймебаевқа шапан сыйлады

Жансейіт Түймебаевқа шапан сыйлады

Әлеуметтік желілерде Жансейіт Түймебаевқа депутаттардың шапан сыйлаған бейнежазбасы тарап кетті. Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Түймебаевқа жемісті еңбегі үшін осылай алғыс білдірмек болған сыңайлы.

Ресми емес дереккөздерге сүйенсек, Түркістан облысының тұңғыш әкімі болған Ж.Түймебаевтың орнын Өмірзақ Шөкеев басады деген ақпарат бар.