Қамшымен көршісін ұрып соққан азамат ақталып шықты

236

Келес ауылында қамшымен көршісін ұрды деп айып тағылған сотталушы ақталды. Келес аудандық сотының шешімімен сотталушы сот залынан босатылды. Оған «Орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру» яғни, ҚР ҚК-нің 107 бабы бойынша айып тағылған болатын.

«Сотқа дейінгі тергеу органдары айыпталушының жәбірленушіні қамшымен ұрып тастағанын дәлелдейтін істі сотқа жіберді. Жәбірленушінің алақанының ортаңғы бөлігінің сынуы болған. Айыпталушы көршісінің денсаулығына қасақана залал келтіргені, яғни 107-баптың 1-тармағында көзделген қылмыс деп дәлелденді.

Алайда сот тергеу барысында жиналған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті талдау барысында алынған мәліметтерді салыстырғанда айыпталушының кінәсіздігі дәлелденді. Жәбірленуші апелляциялық арыз жазды.

Бірақ жәбірленушінің шағымы мен прокурордың апелляциялық шағымы апелляциялық соттың шешімімен қанағаттандырылмады».

Жанар Есенбекова