Úı ANONS Жетісайда әкесін ұрып-соққан жігіттің ісі сотқа жетті

Жетісайда әкесін ұрып-соққан жігіттің ісі сотқа жетті

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның ісі сотқа жетті. Тергеу ісі аяқталған. Іс бойынша бір адам күдікке ілінген. Ол Қылмыстық кодекстің «Қинау» бабы және «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабымен айыпталған.

Айта кетейік, қыркүйек айында әлеуметтік желіде Түркістан облысы Жетісай ауданында  қартайған мүгедек әкесін баласы аяусыз соққыға жыққан видео тарады. Видеодан көшеде және үй ауласында баласы мен келіні сөйлей алмайтын, өздігінен жүріп-тұра алмайтын әкесін сүйреп бара жатқанын көруге болады.

Баласы әкесін балағаттайды, жүре алмағаны үшін әкесін бірнеше рет ұрып-соғады. Алған соққыдан қарияның аузы қанап кеткенін байқауға болады. Бірақ қария бұған жауап қатпайды. Ал келіні араша түспейді. Көп өтпей видеоның бұдан бұрын түсірілгені, ал қарияның қайтыс болып кеткені белгілі болған.

Дилара Иса