Алтын бұйымдарды базардан сатып алғанда сарапшылардың қорытындысын талап етіңіз

304

Бүгінде базарда болсын, дүкенде болсын сатып алған дүниеңіз алтын емес, қара бақыр болып шықса таңқалмаңыз. Бағалы бұйымдарға басылатын сынамаларға сенім артуға бола ма? Өңіріміздегі сынама-бағалау палатасы алтын бұйымдарға басылатын мөрлерге жауап береді. Олардың атқаратын қызметі қандай?

Шымкенттің миллионер қала атанғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Ал енді Шымқала Қазақстандағы дербес сынама орталығына да айналып отыр. Тіпті үшінші мегаполисімізді бағалы асылтастар нарығындағы сынама палатасының көшбасшысы деуге де болады. Алтын бұйымдарының сынамасына басылатын үштік сандардан кейін барыстың басын көрсеңіз онда қателеспегеніңіз.

Ақнұр Шерімбетова, Standard сынама-бағалау палатасының директоры: «Мөртабан өнімнің ішіне орналастырылады және тек қана өнім өте жұқа немесе нәзік болған жағдайда ғана. Арнайы затпен тығыздалған. Ал қалған барлық жағдайларда мөртабан заңға және арнайы ережелерге сәйкес қойылады. Сынама палатасы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Палата бағалы бұйымдарға толығымен мөр басу, бағалы металдардың олардың сәйкестігі үшін іріктеуді жүзеге асырады».

Шымкенттің «Стандарт» сынама бағалау палатасы инновациялық қызметтер мен сапалы сервис арқылы зергерлік бұйымдарды және асыл тастарды сараптау, тестілеу, брендинг және бағалауды ұсынады. Бірегей жабдықтар жоғары деңгейдегі диагностика жасауға мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандық, заңды немесе жеке тұлға екендігіне қарамастан сапаға сәйкестігін және монетарлық инвестициялар объектісі болып табылатын зергерлік бұйымдарды тексере алады.

Заң бойынша, қымбат металдардан жасалған бұйымдарды қазақстандық мөр басылмаған жағдайда сатуға тыйым салынған. Бірақ елімізде бұл ережені дәйім сақтайтындар азшылық, әрі әрдайым заң бұзатындар да жоқ емес. Мәселен, таңқаларлығы ең жоғары мөр басылған өнімдер ең арзан алтыннан жасал болып шығады. Алтын бұйымдарды базардан сатып алғанда сарапшылардың қорытындысын талап етуден еш қымсынбаңыз. Ал «Стандарт» сынақ палатасы ақиқатты анықтап беруге көмек қолын созады.