Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтатқанын мәлім етті

720
inform.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған үндеуінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария етті.

«Мен Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым. Биыл менің ел басқарғаныма 30 жыл толады. Маған Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болу бақыты бұйырды», – деді Назарбаев.

«Біз дұрыс жолда екенімізге сенімдімін. Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасатын болады. Егер біреуге иек артсақ, біз барлық жетістіктерімізді жоғалтамыз. Қазақстан мәңгі жасасын! «- деді Назарбаев.