Салықтық рақымшылық кімдерге қолданылмайды?

242

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауына сәйкес, 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап шағын және орта кәсіпкерлерге салықтық рақымшылық жүргізілуде.

Бұл ретте, 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2018 жылдың 01 қазан жағдайндағы негізгі салықты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда, өсімақылары мен айыппұлдардың кешірілуі қарастырылған.

Алайда, салықтық амнистияға келесі категориядағы салық төлеушілерге қолданылмайды:
— мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
— жер қойнауын пайдалану;
— акцизделетін өнім өндіру;
— жеке немесе дара кәсіпкерлікпен шұғылданбайтын жеке тұлғалар.

Осылайша, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіншілігі жоқ, қаржылық қиыншылықтары бар салық төлеушілерге, қарыздардан құтылып, кәсіби жұмыстарын заң аясында жүргізуге толық мүмкіншілік береді.

Шымкент қаласы бойынша МКД