Шымкентте әуе шарларының «Ашық аспан» ІІ Халықаралық фестивалі өтті

776

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған іс-шараның ауқымы кеңейе түскен. Былтыр 6 елдің өкілдері атсалысқан іс-шараға биыл 11 мемлекет қатысып отыр.

Олардың қатарында елімізден бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Түркия, Румыния, Венгрия, Молдова, Белорусь мемлекеттері бар. Осылайша, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары 20-дан астам аэростатпен көкке көтерілу бақытына ие болды.

Шармен әуеге бір рет көтерілудің құны 2000 теңге. Бұл қаржыға сіз 15 минут бойы жоғарыда қалықтап, естелікке суретке түсіп, айналаның әсем көрінісін тамашалай аласыз.

Ұйымдастырушылар алдағы жылы Шымкенттің ТМД елдерінің мәдени астанасы атануына орай, 50 әуе шарын көкке ұшырып, біздің қаламызды Орталық Азиядағы «Әуе шарларынының астанасы» атандыру мақсаттарының бар екендігін айтуда.
Одан бөлек, алдағы жылдары Шымқаладан әуе шарлары ешқандай арқансыз 1500 метр биіктікке дейін көтерілуі мүмкін.

Меруерт Ахан