Шымкенттің өрт сөндірушілері спорттық сайыс өткізді

195

Шымкент қалалық ТЖД ұйымдастыруымен биылғы Жастар жылы және Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің арасында волейболдан, үстел теннисінен және шағын футболдан жарыс өткізілді.

Бұл спорттың барлық түріне өрт сөндіруші-құтқарушылар белсенді қатысты. Жарысқа қатысушылар өздерінің физикалық және техникалық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті. Тартысты жарыстың нәтижесінде үздіктер анықталды, олар кез-келген жағдайға қарсы тұра алатынын дәлелдей білді. Жарыстан соң «Алаш» спорттық кешенінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттау өткізілді.

Үстел теннисі жарысының қорытындысына сәйкес бірінші 35 жасқа дейінгі топта 1-орынды № 40 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі А. Юлдашев иеленді, 2-орынды № 44 өрт сөндіру бекетінің қарауыл бастығы Қ. Дүйсенов алды, ал мықты үштікті № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Ж. Қуаныш қорытындылады.
35 жастан жоғары топта 1-орын№ 44 өрт сөндіру бекетінің аға өрт сөндірушісі Ә. Шымкентбаевта, ал тұғырдың екінші сатысына № 1 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі С. Аширбаев көтерілді, «қола жүлдені» № 1 мамандандырылған жасақтың газ-түтіннен қорғау қызметтің аға шебері Н. Налибаев алды.

Воллейболдан өткен жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей болды:
1-орынды- №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы; 2-орынды – №4өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы; 3-орынды – №40 өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы иеленді.

Шағын футбол турнирі бойынша бірінші орынды №4 өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы иеленді, екінші орында – №2 өрт сөндіру бөлімінің командасы, үшінші орында- №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы болды. Сондай-ақ «Үздік қақпашы» №1 өрт сөндіру бөлімінің бастық орынбасары Азамат Булдырыков болса, «Үздік ойыншы» наминациясын №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Ақберді Жұманов иеленді, ал «Үздік шабуылшы» №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Қанат Иманов атанды.

Командалық және жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен, алғыс хатпен және кубоктармен марапатталды.

Жанар Есенбекова