Шымкенттік студенттер енді Ташкентте білімдерін жетілдірмек

264

Шымкенттік студенттер енді Ташкентте білімдерін жетілдірмек. Мұндай келісім қаламыздағы жоғарғы педагогикалық және Өзбекстан астанасының колледждері арасында туындап отыр. Арнайы меморандумға қол қойған қос тараптың бұдан өзге де келісімдері бар.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық» форумы қос елдің достығын нығайту үшін ғана өткізіліп жатқан жоқ. Ағайынды халықтар енді білім жүйесінде тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйренбек. Ол үшін Ташкент педагогикалық институтының делегаттары қаламызға арнайы келіп отыр.

Мухаббат Хайдаралиева, Ташкент педагогикалық колледжі директоры: «Бүгін біз Шымкент қаласына Ташкенттен бір топ оқытушылар келдік. Келудегі мақсатымыз — Шымкент колледжі мен Ташкент коллджінде тәжірибе алмасу. Сондай-ақ, қос елдің арасында достық қарым қатынасты нығайту».

Білім саласындағы тың серпілістерді игеру үшін өткізілген форум тек бас қосумен шектелмеді. Сондай-ақ, қос тараптың басшылары меморандумға қол қойды. Келісім мақсаты шәкірттерді мобильді алмасу арқылы оқыту. Айта кетейік, Ташкентке тек студенттер емес ұстаздар да білім жетілдіру үшін баруы мүмкін.

Гүлнар Ибрагимова, Шымкент жоғары педагогикалық колледж директоры: «Жақын шет елдердегі коллдеждермен алғаш рет келісімге келіп отырмыз. Оған дейін біздің тәжірибемізде алыс шетелдердің коллдждерімен тәжірибеміз бар. Кембридж аймақтық коллдежі мен Малайзиядағы коллджедермен келісімшарттар бар. Өткен жылы біздің өкілдеріміз Кембридждің колледжіне жазғы мектепке барып оқып келген».

Қаламыздағы Шымкент жоғары педагогикалық колледжі жақын шетелмен алғаш рет меморандумға қол қойып отыр. Алдағы уақытта Малайзия және Сингапур оқу орындарымен де шарт жасалмақ. Сондай-ақ жоспарда Ресей Федерациясы да бар.

Назерке Үкібасова