Түркістан облысының полицейлері зейнеткердің ұрланған қаражаттарын тауып берді

197

Ақсукент қаласының егде жастағы жергілікті тұрғыны тонау жайты бойынша Сайрам АПБ-на арызданады. Жәбірленуші белгісіз еразаматтың үйіне кіріп, сеніміне ие болып, ақшаларын күшпен тартып алғандығын айтады. Аталған жайт Сайрам АПБ-ның СДТБТ-не «тонау» бабымен тіркеуге алынды.

Қылмысты ашу үшін полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер күдіктілерді құрықтау мақсатында көрген-білген адамдарды сұрастырып, үй жайларды, аулаларды аралап, қажетті деген барлық іс-шараларды жүргізді. Сайрам АПБ-ның учаскелік аға инспекторы полиция майоры Садулла Рүстемовтің айтуы бойынша, жәбірленушінің тонаушы туралы сипаттаған ерекше белгілерінің нәтижесінде, полицейлер бір тәулік ішінде күдіктінің ізіне түсіп, қысқа уақыт ішінде құрықтайды. Күдікті бұрын алаяқтықпен жауапқа тартылған, Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда тонау жайты бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған азаматтың тағы да басқа осы секілді қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған жоғалған ақшалар заңды иесіне тапсырылды. 88 жастағы зейнеткер Сайрам АПБ-ның жеке құрамына және учаскелік инспекторына қылмысты ашу барысында кәсібилік пен жеделділік танытқандары үшін алғысын айтты.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға сақтық танытып, бейтаныс адамдарды үйге кіргізбеу керектігін ескертеді. Көзтаныс адамдардың, түрлі алаяқтардың құрбанына айналмас үшін сенім білдірмеу керек. Егер де сіз алаяқтардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

Сізді тонап немесе алдап кетсе полицияның 102 нөміріне қоңырау соғыңыз. Сондай-ақ, міндетті түрде алаяқтың, қылмыскердің түрін жаттап, есте сақтап қалуға тырысыңыз, бұл өз уақытында қылмыскердің ізіне түсіп, қылмысты жедел түрде ашуға көмектеседі.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі