Ташкент-Астана жаңа автобус бағыты ашылды

315

Бүгінннен бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасында жаңа мемлекетаралық Ташкент-Астана автобус бағыты ашылды.

Жаңа маршруттың ара қашықтығы 1 646 шақырымды құрайды. Ал жол жүру уақыты – 27 сағат 30 минут. Бір жолғы билет құны 312 мың сум, яғни, теңгеге шаққанда 14 344 теңгені құрайды. Жолаушыларға заманауи YUTONG автобустармен қатынайтын болады. Жолдың ұзақтығына орай жолаушыларға жайлы да ыңғайлы автобустар ұсынылып отыр.

Автобустар Астанадан 15: 00-де, 16: 00-де, 17: 00-де, 18: 00-де және Ташкенттен сағат 12: 00-де, 14:00, 16: 00-де, 18: 00-де шығатын болады.

10 наурызда алғашқы рейс жасалады. Болашақта рейстердің саны әр тараптан күніне 4-ретке дейін артады. Бұл бағыт Қарағанды арқылы өтеді. Тасымалдаушылар мұнда аялдайтын болады. Қарағанды қаласына дейінгі сапар құны 260 мың сумды құрайды.

Бүгінде Өзбекстан мен Қазақстан арасында алты мемлекетаралық автобус бағыттары іске қосылған: Ташкент – Шымкент, Ташкент – Алматы, Ташкент – Қызылорда, Ташкент – Түркістан, Нөкіс – Үшқоңыр, Шыршық – Ұшқын.

Екі ел арасындағы ең алғашқы автобус бағыты Шымкент-Ташкент бағытында ашылған болатын. Бүгінде екі қала арасындағы бағыт тұрақты түрде ырғақты жұмыс атқаруда. Алдағы уақытта еліміздің өзге қалаларына да арнайы бағыттар ашылуы мүмкін.