Жылу берушілер жыл басын жақсы қарсы алды

182

Биыл Шымкент қаласында жылу жылдағыдан ерте сөндірілмек. Қолайлы ауа-райына байланысты қабылданған шешімді орталық басшысы мәлімдеді. Осылайша маусымды аяқтағалы жатқан қызметкерлер наурыз мерекесін де атап өтті. Алдымен ақсақалдар батасымен басталған думанда ән мен биден шашу шашылды.

Пернебай Сәбитов, «Қуат Жылу» орталығының директоры: «Биылғы жыл өте жақсы өтті деп айта аламыз. Елді жылумен қамтамасыз еттік. Жылу маусымының аяқталуы наурызға тура келеді. 23-24 қараған түні жылуды тоқтатамыз. Сыртқы температураның жылы болуына байланысты. Әкімнің қаулысы шығып жатыр. Әрі қарай жөндеу жұмыстарына кірісеміз».

Ақ дастархан басында наурыз көжеден дәм татқандар қатары да аз емес. Ас алған қызмкеткерлер кейін өзара мықтыны анықтады. Арқан тартып, қол күрескен әуесқойлар жиынды одан әрі қыздыра түскендей. Айта кетейік, орталықтың 12 бөлімшесі бар. Мамандардың айтуынша биылғы түскен шағымдар қатары жылдағыдан әлдеқайда аз екен.