Қарағанды әуе айлағында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Ведомствоның алдын ала мәліметінше, екі адам қаза тапты
«Бүгін сағат 16.25-те жаттығу ұшуды орындау және қонуға кіру кезінде Балапан (Қарағанды) әуе айлағында FK14 Полярис жеңіл авиацияның әуе кемесі апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша экипаж — 2 адам қаза тапты. Осы авиациялық оқиға бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тексеруді бастайды», — делінген ААК telegram-каналында