Армрестлингтен халықаралық турнирде шардаралық спортшылар ел намысын қорғайды

384

 

Сәуір айының 13 күні Францияның Ницце қаласында армрестлингтен Халықаралық турнир өтеді. Байрақты бәсекеге төрткүл дүниенің шартарабынан кіл мықтылар бақ сынайтын болады.

Еліміздің намысын жерлестеріміз әлемдік додада Ақтаев Талғат және Шамиев Мағжан қорғамақ.

Қазақ елінің намысын спорттық сайыста қорғауға  француз еліне аттанғалы отырған жерлестерімізге сәттілік пен ақ жол тілейміз.

Жанар Есенбекова