Мүгедектікке шығарып беремін деген алаяқ 200 мың теңгесін алып, қашып кеткен

194

Елімізде тіркелетін қылмыстардың ішінде ұрлық басым. Алайда азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтыққа баратындардан төніп тұрған қауіп те кем емес. Қылмыстың осы түрінің алдын алу бойынша Түркістан облысының полицейлері тарапынан қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Саралап айтатын болсақ, онша ауыр емес және ауырлығы орта Алаяқтық қылмыстары бойынша 2019 жылдың 3 айында 310 іс тіркелсе, оның 83,6 % пайызы ашылған. Тарқатып айтар болсақ: Несие шығарып берумен – 108 қылмыс, шет мемлекетке жұмысқа тұрғызып берумен – 51 қылмыс, жұмысқа тұрғызып берумен – 49 қылмыс, жүргізуші куәлігін алып берумен – 22 қылмыс, пәтер алып берумен – 19 қылмыс, сенімін теріс пайдаланып – 61 қылмыс.

Мәселен Түркістан ҚПБ бойынша мемлекеттік бағдарламасымен жұмысқа тұрғызып беремін деп, алаяқтық жолмен күдікті ретінде бір азаматша құрықталған. Қазіргі таңда одан басқа 41 жайтқа қатыстылығы бар екендігі анықталып, сотқа жолданған.
Осы тұста, Түркістан облысында орын алған оқиғаларды айтып өтсек. Мақтарал АПБ-не, жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында, «Кәмелет жасына толмаған қызын мүгедектікке шығарып беремін деген сырттай танысына 200 000 теңге ақшасын беріп, алданып қалғанын» жазып көрсеткен. Аталған оқиға ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне енгізілген. Күдіктіні жедел іздестіру шараларын дер кезінде ұйымдастырып, Мақтарал АПБ ЖПҚ қызметкерлері күдіктіні құрықтап, тергеу бөлімшесіне жеткізген.

Келесі жайт Сайрам ауданында орын алған. Бұл жолғы арызданушы кәмелет жасына толмаған ұлын өзінің танысы мүгедектікке шығарып беремін деп алдап, жалпы құны 150 000 теңге ақшасын иемденіп алып, өзінің қажеттігіне жаратып жіберіп, жасырынғанын айтады. Аталмыш алаяқтық бойынша да қылмыстық іс қозғалған. Ал, ауыр алаяқтық бойынша ағымдағы жылдың 3 айында 29 іс тіркеліп, 100% ашылды. Бұл да болса, полицейлердің өз жұмысын жете орындағанын көрсетеді. Оның ішінде: – Шет мемлекетке жұмысқа тұрғызып берумен – 9 қылмыс; Несие шығарып берумен – 8 қылмыс; Жұмысқа тұрғызып берумен – 7 қылмыс; Сенімін теріс пайдаланып – 5 қылмыс тіркеліп, ашылған.

Қазіргі таңда алаяқтықтың көп тараған түрінің бірі – әлеуметтік желілер, ғаламтор арқылы жасалатыны. Әлеуметтік желідегі қылмыстардың санының өсуі жоғарғы технологияның дамуы және ғаламтор желісіне азаматтардың қолжетімділігі табыс табудың оңай жолы болып отыр. 2019 жылдың 3 айында осы қылмыс түрімен 22 іс тіркеліп, ашылуы 87% пайызды құрады.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі