Қоқыс шығару құны арзандағанымен отбасы мүшелерін кемітіп көрсететіндер көп

194

«Тұрмыстық қалдықты шығару бағасы жеке тұлғалар үшін 150 теңгеге төмендесе де міндетті төлемдерден қашатындар миллион халқы бар Шымқалада жеткілікті» дейді қызмет көрсететін «Спецавтотранспорт» серіктестігі. Қоқысқа төлемегені былай тұрсын контролерларды балағаттап, дөрекі мінез көрсететін жерлестеріміз де жоқ емес екен.

Жиенкүл Жазықбаева өзі тұрып жатқан үйдің ауласындағы тазалық үшін шырылдаған тұрғындардың бірі. Қоқыс жәшігіне қолы жетпей қалатын көршілерімен зейнеткер талай сөзге де келіп қалған.

Жиенкүл Жазықбаева, Еңбекші ауданының тұрғыны: «Үйдің алдында полиэтилендегі қоқысты көріп тұрсыздар ма? Ауладағы құтыға да тастайтындар бар. Әдем і көйлек киіп, кірпік жапсырып сәнді жүргенімізді қайтейін, қарапайым көйлек кисек те таза ұстайық ауланы».

Шымкентте аула, көше, жалпы қаланың тазалығына жауапты бірнеше мекеме бар. Жаңа жылдан бастап жеке тұлғалар үшін қоқысты шығару тарифі 12 пайызға төмендеген. Көпқабатты үйдегі пәтер иелері айына әрбір отбасы мүшесі үшін 150 теңге, ал жеке сектордағылар 176 теңгеден төлеп келеді. Брақ кей пәтір иелері үйдегі адам санын жасыруға тырысады. Қоқыс шығаруға кететін шығын мен тұрғындардан түсетін төлем айырмашылығы сол мекемелердің жұмысына кері әсер етеді.

Хадиша Тәжібаева, «Спецавтотранспорт» ЖШС абонент бөлімі басшысы: «Біреулер жасырып нақты отбасы мүшелерін әдейі көрсетпейді».

Қоқыс шығаратын компаниялармен келісімшартқа тұрмағандар қаншама, Әсіресе жер үйдің тұрғындары қоқысымызды өзіміз тасымалдаймыз деп ақталады екен. Қаланың қақ ортасында орналасқан «Көксай» шағынаудадындағы тұрғындардан көрсетілген қызмет үшін төлем жинау ақыретке айналды дейді коммуналдық сала қызметкерлері.

Коммуналшылар жергілікті биліктен қолдау күтеді. Пәтер, үй иелері отбасындағы мүшелерінің нақты санын көрсетсе, түбіртекпен төлемге өтуде қиыншылық туындамай, қызмет сапасы да республикалық маңызы бар қалаларға тән жоғары деңгейде болар еді дейді.

Шынар Оразова