Президент Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

128

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

«Қордай тас жолында болған ірі жол апатынан 11 адам көз жұмды. Арасында Өзбекстан азаматтары да бар. Марқұмдардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан Республикасының Президентіне жеделxат жібердім. Біздің жолдарымыздың аxуалы үлкен алаңдаушылық туғызып отыр, ІІМ-де өткен кеңесте осы мәселені айттым. Үкіметке шұғыл түрде шаралар қабылдауды тапсырдым», – деп жазады Президент Твиттердегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін «Алматы-Ташкент» автожолының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр.