Президенттің үндеуіне кәсіподақ мүшелері үн қосты

251

Президенттің үндеуіне кәсіподақ мүшелері үн қосты. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтетіні туралы үндеу жариялаған болатын.

Осыған орай, «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдері кезекті үйлестіру кеңесін өткізді. Жиынға қатысқан бірлестік төрағасы, салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен белсенді кәсіподақ мүшелері пікір алмаса отырып, сайлауға дайындықты пысықтап, ұйым алдындағы нақты міндеттерді айқындап алды.

Ең маңыздысы, президенттік сайлауды өткізу дұрыс шешім екенін халыққа жіті түсіндіру қажет деген ұйым төрағасы кәсіподақ ұйымдарының басшыларына бүгіннен бастап тиісті жұмыстарға кірсуді тапсырды.

Берік Бекжанов — «Шымкент қаласы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы — Әр елде тұрақтылық болу карек. Біздің Қазақстан Республикасында, шын мәнінде, Елбасымыз алып берген «Тұрақтылық, татулық, бірлік» қағидасымен өмір сүріп жатырмыз. Ал, енді келесі сайлауда да осындай қағидаттарды толық жүзеге асырамыз деп есептейміз, сол үшін Президентіміздің үндеуін    кәсіподақ қолдайды. Сайлаудың демократиялық тұрғыда, ашық түрде өтетінін түсіндіру мақсатында жұмыс жасайтын боламыз.