Робототехникадан облыстық чемпионат өтті

318

Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысында робототехника саласын дамыту мақсатында Арыс қаласы әкімінің кубогына арналған спорттық және шығармашылық робототехникадан жастар арасында «Түркістанға тарту» атты Түркістан қаласында облыстық чемпионат өтті.

Мақсаты – түркістандық жастарды осы салаға бейімдеп, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Мамандар даярлай отырып, отандық ІТ өнімдері мен жаңа компаниялар ашу.

Жарысқа Түркістан облысының талантты мектеп оқушылары мен техникалық шығармашылықпен әуестеніп жүрген жас роботқұрастырушылар қатысты.

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында робототехника жарысында облыс бойынша 151 команда қатысып, түрлі номинациялар бойынша 30 команда І, ІІ және ІІІ дәрежелі орындарға ие болып, Арыс қаласы әкімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.